Сәкен Майғазиев: Көзін бояған еркек Отаны түгілі жарын да қорғай алмайды
Сәкен Майғазиевтің пікірінше, боянуға құмар еркек Отаны түгілі қасындағы жарын да қорғай алмайды. Сондықтан да әнші қазақ жігіттерін бұрыс жолға түсіп кетпеуге шақырды. Майғазиев қоғамда қызтекелердің көбейіп бара жатқанына алаңдаушылық білдірді.
Бұл туралы Хит-ТВ арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
“Үлкенді құрметтейтін, кішіге ізетпен қарайтын, салт-дәстүрді ұстанатын ұлтты қалай жоямыз деп ақылдасқан кезде: “Оларды бір-біріне айдап салу, қызтекелерді, біржыныстыларды көбейту керек, сол кезде ол ұлт өспейді, көбеймейді”, деген екен. Статистика бойынша, біржыныстылардың өмірі 100% бақытсыз аяқталады. Солардың жылдар бойы ойлап келген нәрсесі – біздегі еркектерді қызға айналдыру, бояндыру. Мен айнаға қарап, қасын, кірпігін бояп отырған еркек Отанын, адал жарын қорғай алады деп ойламаймын. Мен қыздардың бояуын қызғанып жатқан сияқтымын. Менің ештеңем кетпейді, ертең 10 жылдан кейін өздеріне күлкілі болады”, – деп атап өтті әнші.
Майғазиев қазақ жастарының болашағына алаңдайтынын айтты. Еркін қоғамда өмір сүріп жатқандықтан, біржыныстыларға қарсы шыға алмайтынына күйінді.
Сахнада жүргеніне 20 жылға таяған әнші “стиль” сөзінің мағынасын да жете түсінетінін айтты. Алайда:
“Түсінемін, бір кездері кең шалбар, тар шалбар болды. Стиль туралы бір бағдарламада Нұрғали Нүсіпжанов ағамызбен сұхбаттасқан кезде ол кісі де: “Иә, 80-жылдары стиляга деген сәнде болды. Тар шалбар, кала-кала кең шалбарлар киген кездеріміз, шашты иыққа дейін өсірген күндеріміз болды”, – деді. Ал бірақ қызтекелікке жол бермеген. Біз де содан аулақ болуымыз керек”, – деп ескертті Майғазиев.
Жіберіп алмаңыз:
Түркия халқы Мейрамбек Бесбаевты шашу шашып қарсы алды (фото, видео)
Өмірім өзгерді: Жұрт Ақбота Сейітмағамбетті ашық сұхбатынан кейін қолдай бастаған (фото)
Әлемге әйгілі композитор Димаш Құдайбергенді қонақ етті (видео)
ҰОС ардагеріне көмектескен Асылхан Төлепов дүйім жұртты тамсандырды