Сәкен Майғазиев: Даусым шықпай мылқаудың күйін кештім
Сәкен Майғазиев басынан өткен бір оқиғасын айтып берді. Ол Диана Шараповадан вокалдан сабақ алып жүргенде дауысынан айырылған екен. Яғни дауысы шықпай, мылқаудың күйін кешкен.
Бұл туралы Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылды.
«Диана Шараповамен вокалмен айналысып жатқан кезім болатын. Студиядан шығып бірден футболға кеттім. 5 сағат бойы вокалмен айналысқандықтан, тамағым қызып тұрған болатын. Оның үстіне футбол ойнап жүріп айқайлап, арасында ән айтатынмын. Үйге келген соң душқа түсіп ұйықтадым. Таңертең тұрсам, мүлдем дауысым жоқ. Кәдімгі мылқаудың күйін кештім. Бірден Диана Шараповаға смс-хат жаздым. Ол ешқандай дәрігерге бармауға кеңес берді. Артынша 70 жастағы апайымызға өзі апарып емдетті», – дейді Сәкен Майғазиев.
Осыдан кейін әнші футболда айқайламайтынын айтып жатыр.
Жіберіп алмаңыз:
Айман Мұсақожаева Димашпен бірге Қытай сахнасында өнер көрсетеді
HUNAN TV бас директоры Димаштың өнерін өте жоғары бағалады
Қазақстандық ару Таиландта өткен сұлулық байқауында жеңіске жетті
Танымал “Lion” тобы Димашқа әлі сатылымға шықпаған ән жинақтарын тарту етті