Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев: Батыр ел екенімізге еш ұлттың күмәні жоқ шығар

Сәкен Майғазиев қазақстандықтарды ұлт-аралық қақтығыс тудырмауға шақырды.

21224772_779370828902098_2570241535257870336_n

Сурет: Сәкен Майғазиевтің жеке парақшасынан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

2 қыркүйек күні кешкі 21:00 шамасында күзет компаниясы қызметкерімен үндістандық жұмысшы арасында тұрмыстық ерегес болып, соңы жаппай төбелеске ұласқан болатын. Жаппай қақтығысқа 30 адам қатысқан деп айтылуда. Кейінірек полиция 8 азаматқа қатысты іс қозғалып, әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлады.

Осыдан кейін қазақстандықтар әлеуметтік желі арқылы кез келген үндісті жазалайтындарын жарыса жазған-ды. Бұл оқиғаға қатысты Сәкен Майғазиев пікір білдіріп, жұртты ұлт-аралық қақтығыс тудырмауға шақырды.

“Аса құрметті қызу қанды, қазағым! Иә, “Малым жанымның, жаным арымның садақасы” деген қасиетті xалықпыз. Дер кезінде жұмылып жұдырық бола білетін батыр ел екенімізге еш ұлттың күмәні жоқ шығар. Әлеуметтік желілердегі “Үндістерді көшеден көрсек сабаймыз”, “Жұма намазға келетін үндістерді де “сындыру” керек” деген жаңсақ пікірлерді көзіміз шалып жүр. Сабырға келейік. Адамның жаманы болса да, ұлттың жаманы болмайды. Атам қазақ айтпап па еді, “Биеден ала да, құла да туады” деп. Бір маскүнем үндіс үшін ұлтаралық шиеленіске шырмалмауға шақырамын. Біздің де қандастарымыздың төрткүл дүниенің төрінде “тайраңдап” жүргенін естен шығармайық. Дана xалық екендгімізді тағы бір мәрте дәлелдейік. Құшақтадым!” – дейді Сәкен Майғазиев.


Жіберіп алмаңыз:

Күйеуі өзінен кіші танымал бикештер (фото)

Айқынның өтірігі ашылып қалды

Қарақат Әбілдина: Зәбір көрген сәбидің ащы зарын естіп, көкірегім қарс айырылды (видео)

Ғазизхан Шекербеков “Қайрат Нұртас арқылы танылды” деп сынағандарға жауап берді

Талқылау