Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев: 40-қа келіп тоқтап қалмаймыз, 7 баланың әкесі атансам деймін

Жуырда ғана жұбайымен отбасылық одақтың 20 жылдығын атап өткен Сәкен Майғазиев Stan.kz тілшісіне берген эксклюзивтің сұхбатында жанұясындағы жағымды жаңалықты жеткізді. Алдағы уақытта Музарттық әншінің шаңырағы тағы бір жанмен толықса таң қалмаңыз!

майггг

«Келіншегім екі 20-ға толып жатыр. Енді ары қарай Алла тағала күш-қуат берсе, тағы да тоқтатпасақ деген ниетіміз бар. Өзім бірнеше жыл бұрын жарым 7 баланың анасы болса деп армандаймын деген тілегім бар еді» – дейді көп балалы әке болуды армандайтын Сәкен Майғазиев.

Майғазиевтер отбасы ел демографиясына өзіндік үлес қосуды алғаш шаңырақ көтерген сәттен бастап жоспарлап келгендерін айтады. Алайда, барлығы адамның емес, Алланың қалауымен болатынын бұл жұп жақсы біледі. Өйткені, тұңғышы Әділет пен үлкен қызы Раянаның жас айырмашылығы алшақ. Түрлі сынақтарға төтеп берген ерлі-зайыптылар бүгінде түтіні түзу ұшқан үлгілі жанұялардың бірі.

«Әрине Алланың сынағы болды 15 жыл күттік 2-ші сәбиімізді. Екеуіміздің жүрегіміздің бір болғанынан ба сондай сынақтарға төтеп бере білдік. Аллаға шүкір ешқашан бір-бірімізді жазғырған жоқпыз. Кінәлаған жоқпыз. Қандай да бір менің тарапымнан ер жігіт ретінде қателіктер кетсе, оған көз жұма қарай білді» – деп «Музарттық» әнші жұбайына деген ризашылығын білдірді.

Жеті бірдей перзенттің әкесі атануды армандайтын Сәкеннің сәбилерге деген ынтызарлығы ерекше.  Бүгінде бір ұл мен қос қыздың ата-анасы балалы үйдің базар екенін естен шығар емес. Сонымен қатар, сұхбат барысында Майғазиев мырза, жұбайының жұрт білмейтін ерекше қабілеті барын да айтып қалды.

«Жұбайым бесік жырын әдемі қылып айтады. Мақтап айтатын тағы бір ерекшелігі кітапты көп оқыған және кітапты оқиды. Қаншама балаларға арналған ертегілерді де өте жақсы біледі. Әлем халықтарының ертегілерін жатқа біледі. Кішкентай қыздарымызға ертегі айтып береді» – дейді әлеуметтік желі де жиі жарияланатын #СәкенБалалармен хэштегінің авторы. 

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

“Енді қалағанымды орындаймын”: Санда экс-продюсерінің өзіне көрсеткен қысымы жайлы ашық айтты

Тоқтар Серіков: Бар әйелді, бар баланы елден жасыру – күнә

Сәкен Майғазиев: Динара маған тұрмысқа шыққанда қайынатам қатты қуанған

Жеңіс Ысқақова ұлын үйлендіріп, дүркіретіп той жасады (фото)

Талқылау