Сәкен Бибосынов алғаш рет WBA титулына таласады

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов алғаш рет WBA нұсқасы бойынша титулға таласады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sportbugin.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл жекпе-жекте ол индонезиялық Сурия Дхармаға қарсы шаршы алаңға шығады. Қарсыласы кәсіби рингте жеті кездесу өткізіп, соның төртеуінде жеңіске жетсе үшеуін нокаутпен аяқтаған. Ал бұл Сәкен Бибосыновтың кәсіпқой бокстағы алғашқы 10 раундқа жоспарланған айқасы болмақ.
"Титулдық жекпе-жекке дайынмын. Бұл мен үшін он раундқа жоспарланған алғашқы айқас болады. Қарсыласым өте мықты", - деді Бибосынов.
Айта кетейік, Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін 2025 жылдың 20 шілдесінде Бішкекте өткізген.
Екі дүркін әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа шымкенттіктер сәйгүлік мінгізді
Сол айқаста ол филиппиндік Кристиан Леганені бірінші раундта нокаутқа түсіріп, айқын жеңіске жетті.
Кейінгі ол Бішкекте жергілікті боксшы Адилет Качкынбековпен қолғап түйістіріп, жеңіске жетті.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған