"Сахнамен қоштасуым мүмкін": Роза Рымбаева күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: https://www.instagram.com/rozarymbaeva
Қазақстанның Халық әртісі, қазақ музыкасының айнымас символына айналған Роза Рымбаева “Abai TV” телеарнасындағы “Сарасөз” бағдарламасына берген сұхбатында сахнамен қоштасуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бағдарлама барысында аңыз әнші көрермендерді елең еткізер жаңалығын бөлісті. Қазір ол шығармашылық жолының жарқын сәттерін қорытындылайтын 50 жылдық есеп беру кешіне қызу дайындық жүргізіп жатыр.
Роза Қуанышқызының айтуынша, осы мерейтойлық концерт оның үлкен сахнадағы соңғы кеші болуы әбден мүмкін.
“Бұл – менің өнер жолымның ең маңызды кезеңдерінің бірі. Осы концерттен соң ресми сахнамен қоштасуым мүмкін. Осындай ниетім бар. Әрине, анда-санда үлкен концерттерге шығып тұрамын”, – дейді әнші.
Аңызға айналған дауыс, өшпес әндер және жүрекке жеткен өнердің тарихы бүгін көрерменге жаңа қырынан ашылмақ.
Айта кетейік, бұған дейін Роза Рымбаева не себепті екінші рет тұрмыс құрмағанын түсіндіргені хабарланған еді.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді