Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сахнаға қайта оралу оңай емес: Зарина Омарова өнердегі қиындықтары туралы

Әнші Зарина Омарова ауыр жол апатына ұшырағаннан кейін өнерден қол үзіп қалған еді. Араға 10 жыл салып сахнаға қайта оралған әншіге сіңісіп кету оңай болмаған. Тіпті, әріптестерінің жатырқай қарағанын жасырмайды.

Сахнаға қайта оралу оңай емес: Зарина Омарова өнердегі қиындықтары туралы

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Зарина Омарованың сөзінше, өнер жолына қайта оралғанда, санаулы әріптестері ғана құшақ жая қарсы алыпты. Олар – Мәдина Сәдуақасова, Ділназ Ахмадеиева, дейді. 

«Жылдар өте адам өзгереді ғой. Әрине, қиын. Сахнаға қайта оралу оңай емес. Оның бәріне адамның күш-қуаты керек», - дейді Омарова.

Иә, декреттік демалыстан соң әншіге өнерге оралу оңай болмады. Оған 25 келі салмақ тастауға тура келген. Бұл сахнаның қатаң талабы мен жан жарымның өтініші еді, дейді Зарина ханым.

«Жолдасымның менен қысылып жүргенін байқадым. Содан кейін менде мақсат пайда болды. Жолдасым өз қалпыма келсем, бәрін жасап, сахнаға қайта шығатынымды айтты. Мен де, ол да өз сөзімізде тұрдық», - дейді ол.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр