Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сахнаға домалап шығатынмын": Алмас Кішкенбаев өнерден алыстап кетуінің себебін ашып айтты

Сахнадан көрінбей кеткен әнші, “Superstar” жобасының жеңімпазы Алмас Кішкенбав “Ұйқым келмейді” бағдарламасында өнерден алыстап кетуінің себебін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Көптеген жобаларға шақырту келіп жатыр. Әлеуметтік желіде адамдар: “Мүмкін сені шақырмайтын шығар. Неге шықпайсың?” деп жазып жатады. Жобалараға қатыспауымның әр түрлі себептері бар. Кейде уақытым болмайды, оның үстіне әр түсірілімнің өзінің уақыты бар. Кейде салмағыма байланысты барғым келмейді. Менің бойым 168, салмағым 96 келі болды. Көмекшілерім мені итеріп жібереді, сахнаға домалап шығатынмын. Диетаның көмегімен салмақ тастадым. Кешкі сағат сегізден кейін тамақ ішпейтінмін”, – дейді Алмас Кішкенбаев.

Өнердегі әріптесі Зарина Омарованың “Кешкі 18:00-ден кейін тамақ ішпеші” деген кеңесіне әнші: “Біз қазақпыз ғой. Кешкі алтыдан кейін қонаққа барасың. “Маған жеуге болмайды” деп отырмайсың ғой. Қазақ болған соң нан ауыз тию керек”, – деп жауап берді.

Талқылау