Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сағынтаев: Кемероводағы қайғылы жағдайдан сабақ алуымыз керек

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ресейдің Кемерово қаласындағы өрттен кейін еліміздегі сауда орталықтарын тексеруді тапсырды.

«Біз осы қайғылы жайдан сабақ алуымыз керек. Енді бұл мәселе әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Отандық блогерлер өз бастамасымен сауда және ойын-сауық орталықтарындағы апаттық есіктердің жабық немесе ашық екендігін тексеріп жүр», – деді Сағынтаев сейсенбі күні үкімет отырысында.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп,  Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ол Ішкі істер министрлігіне әкімдіктермен бірге, өрт сөндіру қызметтеріне сауда орталықтарын тексеруге және тиісті шараларды қолдануды тапсырды. Сағынтаев бұл істе бақылаушы етіп өзінің орынбасары Асқар Маминді тағайындады.

Естеріңізге сала кетейік,  25 наурыз күні Ресейдің Кемерово қаласында «Зимняя вишня» сауда үйінде өрт шығып, 64 адам қаза тапты. Оның үшінде балалар да бар. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.  ҚР СІМ-нің мәліметінше, өрттен қаза болғандардың арасында қазақстандықтар жоқ. Бүгін 13 баланың туыстары олардың мүрделерін танығандығы хабарланды.

Жіберіп алмаңыз:

Павлодарда көлік жүргізу құқығынан айырылған шенеунік тағы да рөлге мас күйінде отырған

Алматыда көлік жүргізушісі желі арқылы түскен шағымнан кейін айыппұл төлейтін болды

Алматы облысында бір отбасының үш мүшесі өлі күйінде табылды

Павлодарда ұрыны ұстап алған кондукторларға сыйақы беріледі

Талқылау