Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда ұрыны ұстап алған кондукторларға сыйақы беріледі

Павлодардағы жолаушы тасымалымен айналысатын фирмалар Ішкі істер департаментімен бірлесе отырып қылмыстардың ізін суытпай ашу жөнінде меморандум жасасты. Полиция қызметкерлері жолаушының қалтасына түскен ұрыны қолға түсірген кондукторлар мен жүргізушілерге сыйақы тағайындауды ұсынды. Бұл тураалы ҚазАқпарат хабарлады.

«Полицейлер қоғамдық көліктердегі ұрлықтардың алдын алу мақсатында автобустар мен маршруттық такси салондарына бейнакамералар орнату жөнінде кеңестер берді»,-деп хабарлайды Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Жолаушы тасмалдаушылар мен полицейлер бас қосқан мәжілісте осы мәселе талқыланып, бірлескен меморандумға қол қойылды. Жиынға Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалаларындағы автобус парктерінің өкілдері мен қалааралық жолаушы тасымалымен айналысатын фирмалар қатысты.

«Жиынға қатысушылар автобус салондарына қалтаға түскіш ұрылардың ескерту суреттерін іліп қою туралы ұсынысқа қолдау білдірді.

Полиция қызметкерлері аталмыш қылмысқа куә болып, ұрыны қолға түсірген кондукторлар мен жүргізушілерге сыйақы тағайындауды тәртібін түсіндірді. Олар 102-ге қоңырау шалып, қоғамдық тәртіпті бұзған адам туралы ақпаратты кез келген уақытта жедел басқарма орталығына жеткізе алады»,-дейді баспасөз қызметі.

Полицейлер маңызды қылмыстық ақпарат бергендерге ақшалай сыйақы табысталатыны жөнінде уәде берді.

Тағы оқыңыз:

Күн аязды болады: Синоптиктер алдағы күндердің ауа райы болжамын жариялады

Қош болыңдар, біз жанып барамыз: Кемероводағы өрттен көз жұмған 13 жасар қыздың соңғы сөзі елді жылатты

ШҚО-ның Зырян ауданында сары түсті қар жауды

Кемеровода терезеден секіріп өрттен аман қалған баланың жақындары түгел көз жұмған

Талқылау