Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сағат 14:05-тегі жағдай бойынша елімізде сайлауға қатысуға құқылы азаматтардың 51% астамы дауыс берген

Сағат 14:05-тегі жағдай бойынша Қазақстандағы сайлауға қатысуға құқылы азаматтардың 51% астамы дауыс берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сайлау 2022 2222

"Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астана комиссияларының 2022 жылғы 20 қарашадағы 14:05 уақытындағы жағдай бойынша берген мәліметтеріне сәйкес, тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,16 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды", - делінген ақпаратта.

Оның ішінде:

- Абай ауданы бойынша - 69,32%

- Ақмола облысы бойынша -51,04%

- Ақтөбе облысы бойынша – 53,21%

- Алматы облысы бойынша – 40,85%

- Атырау облысы бойынша – 52,56%

- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 43,85%

- Жамбыл облысы бойынша – 52,74%

- Жетісу облысы бойынша – 52,17%

- Қарағанды облысы бойынша – 53,75%

- Қостанай облысы бойынша – 53,15%

- Қызылорда облысы бойынша– 59,18%

- Маңғыстау облысы бойынша – 53,40%

- Павлодар облысы бойынша – 52,55%

- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 53,10%

- Түркістан облысы бойынша – 76,61%

- Ұлытау облысы бойынша – 68,32%

- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 52,99%

- Астана қаласы бойынша – 39,79%

- Алматы қаласы бойынша – 24,17%

- Шымкент қаласы бойынша – 51,69%.

Бүгін, 20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы басталды.
Алты үміткер де сайлау учаскелеріне келіп, өз дауыстарын берді.

Талқылау