Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сағадиев: Мұғалімдер мен балабақша тәрбиешілеріне жеңілдіктер беруді ұсынамын

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мұғалімдер мен тәрбиешілердің балаларын балабақшаға орналастыруға байланысты жеңілдік беруді ұсынды.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазады.

“Біз мұғалімдер мен тәрбиешілердің балаларын балабақшаға орналастыру бойынша жеңілдіктер қарастыруды ұсынамыз. Мұндай жеңілдік әскерилерге де қатысты. Балабақшалар саны өсіп келеді, ол жеткілікті”, – деді Сағадиев үкімет отырысында.

Министр сондай-ақ, мұғалімдердің сабақ беруден тыс атқаратын шаруаларын да азайтуды талап етті

“Біз біріншіден мұғалімдердің оқу жүктемесін азайтуы керекпіз. Бұл жайында жаңа оқу жоспарын біз ақылдасып жатырмыз. Жыл соңына дейін бір шешімге келеміз. Сосын қағазбен берілетін есептер санын қысқартамыз. Әкімдікте 15-20 шақты түрлі деңгейдегі комиссиялар бар: жемқорлықпен күрес комиссиясы, кәмелетке толмағандарға қарайтын комиссия, жастар комиссиясы, әйелдер комиссиясы деген сияқты. Олардың бәрі мектептерден жазбаша ақпарат талап етеді. Біздің бірыңғай ұлттық база бар, барлық ақпаратты сол бір жерден алуға мүмкіндік бар. Сол себепті әкімдерден мектептен ақпарат сұрай беруді толықтай тоқтатуды сұраймыз”, – деді министр.

Тағы да оқыңыз:

Торғай даласы енді көрші елдің полигон алаңына айналады

Назерке Әріпті өлтірді деген күдіктінің анасы оның қыздарға талай рет шабуылдағанын айтты

Қараша айында минус 30 градус аяз болады

Елімізде бензин бағасы әлі өсіп жатыр

Талқылау