Сәдуақасова мектепте өзіне сабақ көшірткен сыныптасын таныстырды (фото, видео)
Әнші Мәдина Сәдуақасова мектеп қабырғасында өзіне алгебра пәнінен сабақты көшіруге берген сыныптасын таныстырды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Елімізге танымал әнші Мәдина Сәдуақасова ұлы Әнуармен бірге білім алған мектебіне барды. Биыл әншінің мектеп бітіргеніне 20 жыл толған.
Әнші аталған кездесуде бір кездері өзі сабақ көшірген досын жолықтырған. “Владимир Пакпен танысып қойыңыздар! Ол менен қазақ тілін, мен одан алгебраны көшіретінмін! Қазір ол Мәскеу Авиация Институты “Восход” зертханасының меңгерушісі, екі баланың әкесі”, – дейді Мәдина Сәдуақасова.
Сыр еліне бара жатып Бүркіт пен Айшаны жолықтырған. Олармен әңгіме-дүкен құрып, естелік суретке де түсіп үлгерген. Мұнымен қатар, әнші 20 жылдық кездесудің өте көңілді өткенін айтып жатыр. Соңдарынан полиция қызметкерлері бақылау жүргізген екен.
“Мамамның мектеп бітіргеніне 20 жыл толғанына орай өтетін шараға бара жатырмыз. Папамыз қалды. Ол кісі Нұржамал Үсенбаева апайдың Бенефис-концертін түсіретін болғандықтан бармайтын болды”, – дейді әншінің баласы.
Әнші бірінші сыныптағы суретін көрсетіп, алғашқы ұстазымен таныстырды.
Жіберіп алмаңыз:
Әнші Мәдина Сәдуақасова мен Ерке Есмахан отбасымен қалай демалғандарын көрсетті
Мәдина Сәдуақасова табиғатына жат бейнебаян түсіріп жатыр
Сәдуақасова: Мен бұл өмірде серігім Олжастан артық таза да тәртіпті жан көрген емеспін