Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәбиімен бірге жартылай жалаңаш суретке түскен отандық актриса жұртты ашуландырды (фото)

Актриса әрі тележүргізуші Айнұр Ілиясова әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, кішкентай қызы Дариямен түскен суретін жариялады, деп жазады Stan.kz.

Суретте етегі төгілген көйлек киген актриса аяғын жалаңаштап, ашық көрсеткен. Сондай-ақ, жалаңаш сәбиін көтеріп тұр.

«Әйелдер! Біз ең тамаша жаратылыспыз! Мерекемізбен!» – деп жазды актриса.

Алайда актрисаның өзі «ерекше сұлулыққа» балаған суреті желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Кейбірі актрисаның сұлулығына таңданып, «аяғын көрсеткенде тұрған ештеңе жоқ» десе, өзгелері Ілиясованың бұл әрекетін сөгіп тастады.

 

«Екінші Байзақова», «Ең болмаса баланы киіндіріп қоюға болар еді. Ұят», – «Өзі жартылай жалаңаш болғанымен қоймай, оның үстіне баламен тұр. Бұлай жалаңаштанудың керегі не?», «Осылай жалаңаш жүрген қай қазақтың анасын көрдің?», «Қыз баланы жалаңаш көрсеткен ұят сияқты», – деп жазды желі қолданушылары.

Оқи отырыңыз:

Төреғали Төреәлі: Өмірімнің өрнегі болған асыл жарымды өзге көзден қызғанамын

Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбекованы картопқа, «Лашын» тобындағы қыздарды бұзылған салатқа теңеді

Баян Мақсатқызы: Ер адамды әйелге саусағының ұшын тигізе алмайтындай етуіміз керек

Әли Оқапов Вьетнамда бірге демалып жүрген қыздың кім екенін ашық айтты

Талқылау