Сәбидің денесі сыдырылған: Ресейлік азамат үш айлық қызын өлтірді деген күдікке ілінді
Ресейдің Ямало-Ненецкий автономды округінің тұрғыны өзінің үш айлық қызын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды РФ тергеу комитетінің өңірлік тергеу басқармасы.
Фото:© Sputnik / Виталий Белоусов
Ведомствоның мәліметінше, жексенбі күні таңертең Салехард қаласындағы пәтерлердің бірінен үш айлық қыздың мәйіті табылған. Баланың денесі көкала қойдай болған — терісі сыдырылып, бас тұсы қанталап кеткен, деп жазады Sputnik.
“Қазіргі таңда күдікті – баланың әкесі ұсталды, оқиға орны мұқият қаралды, куәгерлерден жауап алынды. Криминалистикалық сараптама тағайындалды. Материалдарды жинау барысында отбасы еш жерде есепте тұрмайтыны анықталды”, — деп жазылған хабарламада.
27 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, күдікті бұрын екі рет сотталған. Ол әйелімен ұрсысып қалып, “өшін” баладан алған деген болжам жасалып отыр. БАҚ ер адамның қолынан сондай-ақ үш жасар ұлы да зардап шеккенін хабарлады. Бала ауруханаға жатқызылған.