Сәбидің балалық шағы қиын болғанын қаламадым: 2 жасар қызын өртеп жіберген әйелге қатысты сот үкімі шықты
Мас күйінде бірге тұратын ер адамды өлтіріп, өз қызын өртеп жіберген әйел 19 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ 1 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлейтін болды, деп хабарлайды Ақмола облысының Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
Жақсы ауданының Қалмақкөл ауылының 29 жастағы тұрғыны адам өлтіргені үшін бұған дейін де сотталған. Алайда ол бостандыққа шыққаннан кейін тағы да ауыр қылмыс жасады. Әйел азаматтық некедегі күйеуінің үйінде достарымен ішімдік ішкен. Алайда біраз уақыттан кейін олар жанжалдасып қалыпты. Олардың жанжалдасуына әйелдің 2 жарым жасар қызының темекі шылымдарын сындырып тастағаны себеп болыпты. Жанжал кезінде қатты ашуланған әйел азаматтық некедегі күйеуіне пышақпен тап берген. Ер адам пышақ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмды.
Ертесі күні әйел айыққанна кейін өзінің тағы да қамалатынын түсінген. Алайда ол қызының балалық шағы өзінікіндей қиын болғанын қаламапты. Сондықтан өз баласын өртеп жіберуді ұйғарған. Мұнан кейін қызы ұйықтап жатқан диванға, жиһаздар мен еденге жанармай құйып, өртеп жіберіпті. Өрт кезінде қыз иіс тиіп көз жұмған.
Сотталушының өзі тек азаматтық күйеуін өлтіргенін мойындап, қызының өліміне кінәлі емес екенін айтыпты. Айтуынша, таңертең от жағып үйінен шығып кеткеннен кейін, есік жабылып қалып, үйде өрт шығыпты.
Алайда сот отырысында зерттелген айғақтар мен куәгерлердің жауабы әйелдің 2 жасар қыздың өліміне қатысы барын растады. Сонымен қатар сараптама актілері мен мамандардың қорытындысы өрттің жатын бөлмеде шыққанын көрсеткен. Бөлменің жанармай қолдану арқылы өртелгені аталды.
Осылайша, сот әйелді кінәлі деп мойындап, 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сонымен қатар әйел қайтыс болған ер адамның әпкесіне моральдық зиян ретінде 1 миллион теңге және материалдық зиян ретінде 211 500 теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.
Оқи отырыңыз:
Ауланың қарын әрең күреп шықтым: Владимир Божко Қазгидромет қызметіне оң баға берді
Кемероводағы өрт: Орталық қызметкерлері балаларды құтқармақ болған еріктілерге кедергі болған
СІМ: Кемероводағы өрттен қаза болғандардың арасында қазақстандықтар жоқ