Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сабағына үлгере алмаған “Болашақ” студенті 25 миллион теңгені қайтаруға міндеттелді

Астана соты студентті “Болашақ” стипендиясынан айырып, үлгерімсіздігі үшін 25 миллион теңгеден астам қаржы төлеуге міндеттеді. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

14295966639x347

Фото: Today.kz

2009 жылы шетелде кадрлар дайындау бойынша республикалық комиссия шешімімен азамат С. Ұлыбританияда “Құрылыс және архитектура” мамандығы бойынша халықаралық “Болашақ” стипендиясының иегері атанған.

Тараптар оқуды ұйымдастыру бойынша келісім-шартқа отырған. Ол арқылы жауапты академиялық үлгерімін “жақсы” деген бағалаудан төмендетпеуге міндеттелген. Алайда, жауапкер үлгерім талабын орындамай, келісім-шарт ережесін бұзған. Нәтижесінде ол барлық кеткен шығынның орынын толтыру міндеттемісі бойынша “Болашақ” стпиендиясынан айырылған.

Астана қаласындағы Алматы аудандық сотының шешімімен “Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ пайдасына 25 миллион 675 мың 842 теңге төлеу міндеттелді.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда туған ұлы 60 жастағы әкесіне тоқал алып берген

Ақтөбелік келіншек күйеуіне өзі тоқал іздеп жүр

Ақтөбелік әйел күйеуінің опасыздығына көз жұмған құрбысына ашуланды

Қазақстандық келіншек бірнеше әйелді жүкті қылып, мүлкін тартып алған алаяқтан сақтандырды

Талқылау