Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сүйіктісін әр аймақтан іздеген Ерке Есмахан бейтаныс жігітпен көзге түсті

Былтыр “Қайда” деп сүйіктісін Қазақстанның әр аймағынан іздеген Ерке Есмахан бейтаныс жігітпен көзге түсті. Алайда ерке әншінің жанындағы жігіт ел танып қалған Әли Байжұмат емес, басқа азамат, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Шын мәнінде Ерке тыңдармандарына жаңа бейнебаян дайындап жатқан болып шықты. Еркенің айтуынша, бұл туынды алдыңғы екі бейнебаяннан өзгерек болмақ.

“Бұл әннің іздеп жүрген “Қайда” немесе “КЗ жігіт” әніне ешқандай қатысы жоқ. Соның жалғасы деп ойламаса екен деймін. Мен сериал түсіріп жүрген жоқпын ғой, сондықтан да басқаша тақырып”, – деді Ерке “Гәкку” арнасына берген сұхбатында.

“Шыны керек, қандай ән, бейнебаян туралы ештеңе айтқым келмейді. Себебі оны тосынсый жасағым келіп тұр”, – деген Ерке ақырында оның қандай тосынсый екенін де айтып қойды.

“Өмірдің өзі ер адам мен әйел адамнан құралғандықтан, сол қыз бен жігіттің арасындағы махаббат. Бұл кішкене өзгеше. Көрермендерге де басқаша болып көрінуі мүмкін. Өзім үшін де ерекше, басқаша туынды болып тұр. Рөлді өзім сомдаймын. Өйткені бұл басқа бейнебаяндарға ұқсамайды. Сондықтан да осы жерде маған талап қойылды”, – дейді Есмахан.

Оқи отырыңыз: 

Жасы келген қазақ ақынының қасында аяғын көтеріп суретке түскен ресейлік бишінің басы дауға қалды

Ерке Есмаханның Ресейге не үшін барғаны белгілі болды

Алмас Кішкенбаев ажырасқаннан кейін мұңға батты

Дәстүрлі әнші: Ер адам әйеліне мән беруді қойып, басқа әдемі келіншектерге қарайды екен

Талқылау