Сүйіктісі Әсел Сәдуақасоваға 101 раушан гүлін сыйлады
Актриса, продюсер әрі тележүргізуші Әсел Сәдуақасова өзінің кезекті туған атап өтті. Бұл күні шоу-бизнес өкілдерінің бар ықылас-ілтипаты, ақ тілегі Әселге арналды. Актрисаның туған-туыстары мен сүйіктісі де шет қалмады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Сәдуақасоваға белгісіз ер азамат 101 раушан гүлін сыйлады. Көпшілік оны Әселдің сүйіктісі деп болжады. Алайда актрисаның өзі бұл жайында пікір білдірген жоқ.
Есесіне ол өзінің қанша жасқа толғанын жасырмай айтты. Актрисаның шынайы жасын білген желі оқырмандары таңырқап қалды.
“Жасым туралы сұраққа алдын ала жауап берейін. 32-демін. Біреу үшін – ерте, біреу үшін кеш, ал мен үшін дәл уақыт”, – дейді Әсел.
Бұл ретте жанкүйерлер Әселдің өз жасынан әлдеқайда жасырақ көрінетінін айтты.
Жіберіп алмаңыз:
Асхат Садырбай: Баласына әкесін сыйлата алған әйел – нағыз әйел
Роза Әлқожа бес бірдей баласын бейнебаянына түсірді (видео)
Динара Қырықбаева қызының тұсауын кестірді (фото, видео)
Ләйлә Сұлтанқызы шын мәнінде қалай арықтайтынын көрсетті (видео)
Алтынбек Қоразбаев 69 жасқа толды (фото, видео)