Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рысбек Аташ: Топтың тарауына көре алмаушылық әсер етеді

Арай тобы расымен тарап кетті. Олар басқа топтар секілді бір-біріне «соғыс» жариялаған жоқ. Мұнымен қатар, «бәрі жақсы» деп өтірік те айтпайды.

Ky2zmZcdlYA

Бұл туралы «Инсталайық» бағдарламасында айтылды.

«Себепсіз ешнәрсе болмайды. Белгілі бір себептерге байланысты осындай шешімге келдік. Бұл ортақ шешіміміз болды. Алғашқы ұсыныс менің немесе Медеттің тарапынан түсті деп айта алмаймын. Топтардың тарауына ауызбіршіліктің жоқтығы мен кішігірім көре алмаушылықтар әсер етеді. Көп адам болған жерде талғам да, пікір де әртүрлі болады», – дейді Рысбек Аташ.

Медет те, Рысбек те топ тарады екен деп өнермен қоштаспақ емес. Керісінше енді екеуі жарысып ән жазып жатыр.

«Арай тобына ешнәрсе болған жоқ. Оны тарап кетті деген де дұрыс емес. Ол уақытша жұмысын тоқтатты. Алдағы уақытта Арай тобының болатын-болмайтындығы туралы ешнәрсе айта алмаймын. Алғаш рет жеке бейнебаян түсіріп жатқандықтан, барымды салып жатырмын. Қазіргі таңда репертуарымда 4 ән бар. Олардың барлығы Мәскеу қаласында жазылды. Бәрі уақыттың еншісінде ғой. Десе де, өте жақсы дүние болады деген ойдамын. Әннің аты «Ұмыттың ба» болғандықтан, атына сай сюжеттік бейнебаян болды. Алдағы уақытта «Black star» студиясымен жұмыс жасағым келеді. Оның қаншалықты атақты екенін өздеріңіз де білесіздер», – дейді әнші.


Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Түнтековтің өз тағдыры жайлы клипі тыңдармандардың жүрегін елжіретті (видео)

Гүлзира Айдарбекова күйеуінің тойдан 1 000 доллардан кем алмайтынын айтты

“All Давай” тобының әншісі ел алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады (фото, видео)

Димаш киген киім Қытайда 7 миллион теңгеге сатылды (фото)

Талқылау