Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі лауазымынан босатылды: Оның орнына Дәурен Қосанов тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тоқаев Руслан Жасқылықовты қорғаныс министрі лауазымынан босатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды, – делінген хабарламада.
Жақсылықов бұл лауазымға 2022 жылдың 19 қаңтарында тағайындалған. Оның орнына Дәурен Қосанов қорғаныс министрі болып тағайындалды.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды”, – деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.
Қосанов 1969 жылы 14 қазанда Павлодар облысы, ҚазКСР, Краснокут ауданы, Новотроицкое ауылында дүниеге келген.
– Үшарал жауынгерлік полкіндегі қызмет;
– Талдықорғандағы "Су-27" эскадрильясының командирі;
– Қарағанды авиабазасы штабының бастығы;
– Шымкент авиабазасының командирі;
– Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы;
– Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының директоры.
2022 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
"Әскери ұшқыш мерген". II дәрежелі "Даңқ" орденімен, "Жауынгерлік ерігі үшін" медалімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.
2024 жылғы 28 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімі бойынша Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды