Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Руслан Берденовке жасалған қастандық: Прокурор айыпталушыға 11 жыл 3 ай тағайындауды сұрады

Прокурор Берденовке оқ атқан Жиембаевға 3 жыл 11 ай сұрады

Фото: Видеодан скрин

Мемлекеттік айыптаушы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуыл ісі бойынша айыпталушыға 11 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сот отырысында алғашқы болып мемлекеттік айыптаушы Бауыржан Қараманов сөз сөйледі. Ол оқиғаның мән-жайын толық баяндап, айыпталушы Ернар Жиембайдың кінәсі түрлі дәлелдер мен куәгерлердің айғақтарымен расталатынын атап өтті.

Прокурор жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларға тоқталды. Жеңілдететін жағдай ретінде айыпталушының кәмелетке толмаған балаларының барын ескерді. Ал оның қылмысты мас күйде жасағаны ауырлататын жағдай ретінде есептелді.


"Біреуді өлтіремін немесе өзім өлемін": Берденов күдікті Жиембайдың қоңырауы туралы айтты


"Детектордан өтуге дайынмын": Руслан Берденов сотта Жиембайдың мәлімдемелерін жоққа шығарды (видео)


Ернар Жиембайға Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылды:

  1. 99-бап, 1-бөлік – “Адам өлтіру”;
  2. 24-бап, 3-бөлік – “Қылмысқа дайындалу және адамның еркінен тыс жағдайларға байланысты аяқталмаған қылмысқа оқталу”.

Бұған дейін Руслан Берденов Ернар Жиембайды кешірмейтінін айтқан еді. 

Еске салсақ, Шымкентте қала әкімінің орынбасарына қастандық жасаған күдіктіге қатысты сот жалғасып жатыр. Бүгінгі сот отырысында күдікті қылмыс жасауына қызғаныш себеп болғанын айтқан еді.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 18 Тамыз, 2025 15:35
Талқылау