Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Руслан Берденов Шымкентте ұсталған сәулет басқармасы басшысының "өз адамы" екенін жоққа шығарды

Руслан Берденов Арман Әбдешовтың

Фото: Іnstagram.com/ruslan_berdenov

Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары Руслан Берденов күні кеше әкімдік ғимаратында ұсталған Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешовтің өзіне еш қатысы жоғын айтып, БАҚ-та тараған ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Руслан Берденов әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне қатысты жалған ақпарат тарағанын жазды.

“Құрметті достар! Бүгін ұсталған, Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысы Арман Әбдешовке қатысты кейбір дереккөздер таратқан ақпаратты жоққа шығарамын. Оның “менің адамым” екені жөніндегі кез келген мәлімдемелердің ешқандай негізі жоқ. Менің оған еш қатысым жоқ. Ол бұл лауазымға мен әкімдікке келгенге дейін тағайындалған”, – делінген жазбада.

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары БАҚ өкілдері мен арна авторларын ақпарат жариялаудың алдында деректерді мұқият тексеріп, халықты адастырмауға шақырды.


“Қуып жүріп атқан”: Руслан Берденовке қастандық жасалған сәттің видеосы көрсетілді


“Отшашу атылғандай болып көрінді”: Руслан Берденовтың алған жарақаттары көрсетілді


Желі қолданушылары Руслан Берденовті қолдайтынын жеткізіп, жазба астында түрлі пікір қалдырды.

“Жемқорлар құрысын дейді. Енді оларды құртатын бір адам келгенде дәлелсіз сол адамды кінәлайды. Жұмыс істейтін адамды аяқтан шалады”, “Өтірік, дәлелсіз ақпарат шығаратындарға заң болса, шіркін”, “Кезінде Алаш батырларын дәл осылай өзіміз шапқан екенбіз ғой! Алла сізге күш-қуат берсін”, “Сізге сенеміз”, “Сағыңыз сынбасын”, “Аман болыңыз Руслан аға, Қазақ елі сізбен бірге”, – деп жазды желі қолданушылары.

Еске салайық, кеше Шымкентте әкімдік ғимаратында Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов ұсталған еді.

Айым Болатқызы
Жұма, 15 Тамыз, 2025 08:51
Талқылау