Руфат Хабибуллин әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

Қазақстандық пара жеңіл атлет Руфат Хабибуллин Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында үздік үштікке енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Спортшы найза лақтыру бойынша (F64 санаты) 47,14 метр нәтижеге қол жеткізіп, қола медаль иегері атанды.
Бұл сында алтын жүлде жергілікті спортшы Сумитке бұйырды. Ол найзаны 71,37 метрге дейін жеткізді. Күміс жүлдені 48,38 метр нәтижемен Колумбия атлеті Томас Филип Сато Мине жеңіп алды.
Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бірнеше спортшымен өнер көрсетуде. Олардың қатарында Дастан Мұқашбеков (F36), Иван Залезняк (F36), Ислам Сәлімов (T13), Еламан Жоламан (F35) және Диана Шапошникова (F40) бар.
Дүбірлі дода 5 қазанға дейін жалғасады. Жарысқа 100-ге жуық елден мыңнан аса спортшы қатысып, 184 бағдарлама бойынша жүлделер сарапқа салынады.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты

