Рудныйдың экс-прокуроры 20 миллион теңге пара алмақ болды деген күдікке ілінді
Фото: kstnews.kz
Рудный қаласының бұрынғы прокуроры 20 миллион теңге пара алмақ болды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Костанайские Новости” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қостанайдың №2 сотында Рудный қаласының бұрынғы прокуроры Мұрат Оспановқа қатысты сот басталды. Оған 20 миллион теңге көлемінде пара алуға әрекеттенді деген айып тағылған. Сот отырысы, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу де қысқартылған тәртіпте, яғни куәгерлердің қатысуынсыз өтеді. Бұл айыпталушының өз кінәсін мойындап, қылмыстық істің материалдарының заңдылығына дау келтірмейтінін білдіреді.
Мұрат Оспанов Рудный қаласының прокуроры қызметін бір жыл атқарған, оған дейін Арқалық қаласының прокуратурасын басқарған.
Шымкентте құқық қорғау органының басшысы 70 млн теңге пара алып, оған екі пәтер сатып алған
"Әкім өзім шығарып аламын деді": Ақтөбе облысында шенеунік пара алғаны үшін 7 жылға сотталды
Сотта оқылған айыптау актісіне сүйенсек, 2024 жылдың сәуір айында Рудный қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінде 2023 жылғы бюджет бағдарламаларының орындалуына қатысты тексеріс жүргізілген. Тексеру нәтижесінде қаладағы шағын аудандардың бірін абаттандыру бағдарламасы бойынша қаржылық есепте 255 миллион теңгеден астам сомаға бұзушылықтар анықталған. Осыған байланысты заңбұзушылықтарды жою және мақсатсыз жұмсалған қаражатты бюджетке қайтару туралы нұсқама берілген.
Тексеріс нәтижесі бойынша құрылыс бөлімінің басшысы Дәурен Жәкеновке қылмыстық кодекстің “сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену немесе ысырап ету” бабы бойынша айып тағылуы мүмкін еді. Бұл тексерісті қалалық прокуратура жүргізген. Осы кезде Оспанов Жәкеновке 20 миллион теңге берсе, тексеріс тоқтайтыны айтып, ұсыныс жасаған.
Құрылыс бөлімінің бастығы бұл туралы ҰҚК департаментіне арыз түсірген. 28 қыркүйекте Жәкеновке ақша беріліп, ол Рудный прокурорымен кездесуге барған. Кездесуге Оспанов көлікпен келіп, өз сұраған сомасын алған. Сол жерде прокурорды ҰҚК қызметкерлері ұстаған.
Айыптау хаттамасының жаңартылған нұсқасы тараптарға танысу үшін берілді.
Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облысында Рудный қаласының прокуроры қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен ұсталғаны туралы жазған едік.
"9 жаста етеккірі келіп, мастурбация жасайды": Қазақстандық ата-аналар балаларындағы ерте жыныстық жетілу белгілеріне алаңдаушылық білдірді