Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рудный қаласының прокуроры қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен ұсталды

Рудный прокуроры ұсталды

Фото: Қостанай облысының прокуратурасы

Қостанай облысында Рудный қаласының прокуроры қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралыStan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бас прокуратураның мәліметінше, шенеунікті ұстау шарасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің департамен бірлесіп жүргізілген.

“Өз қатарындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қостанай облысы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бөлімшесі облыстық ҰҚКД-мен бірлесіп, 2025 жылғы 28 қыркүйекте қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен Рудный қаласының прокурорын ұстады. Қазір қажетті тергеу іс-қимылдары жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.

Прокуратура толығырақ ақпаратты қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария ете алмайтынын айтты.

Мұрат Успанов – Қостанай облысы Рудный қаласының прокуроры Ол бұл қызметке 2024 жылғы 6 қыркүйекте тағайындалған. Бұған дейін ол Қостанай облысы Арқалық қаласының прокуроры болған.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 29 Қыркүйек, 2025 08:46
Талқылау