Роза Рымбаева көптен күткен немересінің бесіктойын дүркіретіп өткізді
Жақында немерелі болған Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева Зейіннің бесіктойын жасап, отандық өнер жұлдыздарының басын қосты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
©instagram.com/aliokapov
Жұлдызды жұп Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай әлеуметтік желіде отбасылық мерекенің бақытты сәттерімен бөлісті. Қазақстандық шоу-бизнес өкілдері бас қосқан дүбірлі тойда Роза Қуанышқызы сәбиді көпшілікке көрсетуге рұқсатын берді.
Тележүргізуші Тимур Балымбетов пен жұбайына Зейіннің кіндік әкесі мен кіндік шешесі болу бұйырыпты.
“Көптен күткен, мол бақыт сыйлаған күннен естелік. Кеше достарымыз, Исамыздың кіндік әке-шешесі – Әли мен Ақерке ұлдары Зейінді қырқынан шығарды. Қайталанбас мереке болды. Сіздер де көріңіздер. Ұлымызыдың бауы берік берік болсын”, – деп жазды Тимур.
Желідегілер де жұлдызды әулетке ақжарма тілегін арнады.
“Нәрестенің бауы берік болсын”, “ Атына сай зейінді бала болып өссін”, “Қуаныштарыңызға ортақпын”, “Зейіннің бауы берік,өмір жасы ұзақ болсын”, “Тіл-көзден аман болсын балапан”, “Той тойға ұлассын”, – деп ақжарма тілектерін арнады желі қолданушылары.
“Әли мен Ақеркенің тойы неге болмады?” деген сауал көпшіліктің көкейінде жүргені жасырын емес. Мерекелік жиын барысында бұл сұрақтың да жауабы табылды.
Актер, әзілкеш Қайрат Әділгерейдің айтуынша, үйлену тойды пандемияға байланысты жасамаған. Роза Қуанышқызы немерелі болғанда дүркіретіп атап өтуге уәде берген.