Роза Рымбаева әже атанды
Халық әртісінің отбасындағы қуанышты жаңалықты оның өнердегі әріптестері мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/rozarymbaeva
Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева өзінің желідегі парақшасында қазақ халқынан сүйінші сұрады.
"Сүйінші! Қазақ елі көптен күткен қуаныш. Зейін деген азамат дүниеге келді. Бауы берік болсын, ағайын! Роза Қуанышқызы аппақ әже атанды, немерелі болды", – деп жазды өнер иесі.
Алайда Роза Қуанышқызы да, жұлдызды жұп та желіде қуанышты жаңалықпен бөліспеген.
Желі қолданушылары жаба астына ақ тілектерін жазып қалдырды.
"Атыраудың жиені. Атына сай зейінді болсын", "Бауы берік болсын", "Келініміз босанғандай қуандық", "Мықты азамат болсын", "Тұңғыш немереңіздің бауы берік болсын", "Ұзағынан сүйіндірсін", "Қуанышыңызға ортақпыз", – деп жарыса жазды желідегілер.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген