Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роза Әлқожа ұйымдастырған байқауда астаналық ару жеңіске жетті (фото)

Роза Әлқожа ұйымдастырған “Ақ орамал аруы” атты байқауда астаналық Меруерт Үсенова жеңіске жетті. Жеңімпаздарды құттықтауға Алтынай Жорабаева, Серік Ибрагимов, Айнұр Тұрсынбаева сынды танымал жұлдыздар келді.

14573985_851245034975034_1629883558472450048_n

Фото: instagram.com/roza_alkozha01/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бір ай бұрын Роза Әлқожа “Ақ орамал аруы” атты байқау ұйымдастырған болатын. Әнші байқаудың діни ағымдарға еш қатысы жоқ екенін алдын ала тілге тиек етіп, діни арандатушылықпен шатыстырмауды сұраған-ды. Күні кеше аталған байқаудың жеңімпазы белгілі болды. Бас жүлде астаналық Меруерт Үсеноваға бұйырды.

“Ақ орамал аруы” атты байқаудың шарттарына сәйкес, оған 40 жасқа дейінгі қыз-келіншектер қатысқан-ды. Алғашқы кезеңде республиканың әр аймағынан келген қатысушылар сахнада өздерін таныстырған. Артынша өз өнерлерін көрсетіп, орамалды қалай дәріптейтіндерін көрсеткен. Ал соңғы кезеңде әділқазы алқалары қойған сұрақтарға жауап берген.

14474416_127866801009387_7368430070358081536_n

Дәл осы талаптардың барлығын орындап, 50 қыз-келіншектің арасынан суырылып шыққан Меруерт Үсенова есімді бойжеткен болды. Әзірге жеңімпазға қандай сыйлық бұйырғаны белгісіз. Десе де, ұйымдастырушылар осы уақытқа дейін міндетті түрде бағалы сыйлық ұсынатынын айтқан-ды.

“Кеше өткен “Ақ орамал байқауының” бас жүлдесі астаналық Меруерт Үсеноваға бұйырды. Қыздардың сұлулығына көз тоймайды. Сендерге келіп қатысқандарың үшін мың алғыс. Алғаш рет ұйымдастырылып отырғандықтан қобалжу көп болды”, – дейді Роза Әлқожа. Қатысушыларды марапаттау кезінде концерт қойылып, оларды құттықтауға Алтынай Жорабаева, Айнұр Тұрсынбаева, Серік Ибрагимов, Ғани мен Бота сынды жұлдыздар келді.


Жіберіп алмаңыз:

“Ninety one” әншісі: Қазақтың қаны таза болғандықтан, елімізде сұлу қыздар өте көп

Асхат Тарғынмен жаға ұстасқан асаба төбелестің неден шыққанын айтып берді

Жазира Байырбекова: 20 күн қатарынан тойда жүретін кездеріміз болады

Ерболат Беделхан 91 тобын сырт келбетіне қарап бағаламауға шақырды

Талқылау