Роза Әлқожа: Орамал бір рулы елдің үмітін ұмыттырмайды
Желіде көкейге ой саларлың жазбаларын жиі бөлісетін Роза Әлқожа бұл жолы орамалдың қадір-қасиеті туралы айтып өтті.
Сурет: Роза Әлқожаның жеке парақшасынан
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Орамал – əйел біткеннің көркі. Ақ жаулығы бар ана – арын сақтаған, əулетін ойлаған, балалары үшін өмірдің бар азабын артқа тастаған ардақты адам! Ақ орамал таққан келін – ар-ибадан аттамаған, түскен жерінің аманатын ақ жалаудай желбіретіп жүрген бір əулеттің үміті. Жаулығы бар жан – иілгісі кеп, именіп тұрады. Өйткені, орамал бір рулы елдің үмітін ұмыттырмайды!” – дейді ол.
Әншінің сөзін желі қолданушылары да қоштап, бизнесінің өркендеуіне тілек білдірді.
Жіберіп алмаңыз:
Сая Оразғалиева: Жағымсыз өзгерістердің өзі бақытқа бөлейтін болады
Жеңіс Ысқақова басына қонып алған дәуітті көрсетіп мақтанды (видео)
Нұртас Адамбай: Мексикалықтардың өзі Головкинді жақтап отыр
Ақбота Сейітмағамбет: Дәурен мені тастаған жоқ! Өтірікті доғарыңыздар