Робот дәрігер алғаш рет адамның тісін емдеді
Бостонда жасалған робот тіс дәрігері алғаш рет науқасты емдеді. Ол жұмысты адамнан сегіз есе жылдам орындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New Atlas порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Жасанды инттелекттегі тіс дәрігерінің бірінші міндеті тісті коронкаға дайындау болды.
Қалыпты жағдайда бұл шамамен екі сағатты алады. Одан бөлек бұл процедура үшін ем алушы дәрігерге екі рет келіп қаралуы қажет. Бірақ робот мұны шамамен 15 минут ішінде жасап бітірді.
Әзірлеушілердің айтуынша, олардың роботы кариесті автоматты түрде шамамен 90% дәлдікпен табады. Ал 3D сканерінің арқасында ауыз қуысының егжей-тегжейлі моделін жасай нақты жасай алады екен.
Еске салсақ, бұған дейін Жапония ғалымдары роботқа адамның тері жасушаларын бекітіп, оны "күлдіру" әдісін ойлап тапқан еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"