"Робин Гуд" деп танылған Ілияс Сариевтың соты: Жәбірленушілерге 33 миллион теңге шығын келді
Фото: instagram.com/qazaq_robin_hood
Алматыда "Қазақ Робин Гуд" атымен танымал блогер Ілияс Сариев пен "MM Travel" туристік агенттігінің басшысы Ақтоты Дүйсееваға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.
Сот отырысында Алмалы аудандық сотының судьясы Ернар Қасымбеков сотқа келмеген жәбірленушілердің айғақтары мен келтірілген материалдық шығын туралы мәліметтерді оқыды.
Судьяның айтуынша, тергеу барысында 26 қылмыстық құқықбұзушылық анықталып, бір іске біріктірілген. Сотталушы Дүйсееваның туыстары жәбірленушілердің бірінің шығынын толық өтесе, Сариев тағы екі жәбірленушінің шығынын ішінара өтеп берді. Осылайша жәбірленушілерге 500 мыңнан 5 миллион теңгеге дейін материалдық шығын келтірілген, жалпы сомасы 33,5 миллион теңгеден асты.
“5 айлық зағип қыздың ақшасын бермеген”: Ілияс Сариевтың тағы бір былығы ашылды
"Жалғыз басты анаға 2 миллион теңге алдырған": Ілияс Сариевтің тағы бір былығы әшкере болды
Артынша Сариевтің адвокаты соттан қорғаушының түсірген видеоларын көрсету үшін телефонын тексеруді сұрады.
"Менің қорғаушының телефонында зардап шеккендер мен олардың туыстарының бейнежазбалары бар, оны Сариев ақша жинау науқанын бастау үшін өз парақшасында жариялау үшін түсірген", – деді адвокат Кішкенебаева.
Сот отырысы 30 қазанда жалғасады, онда тараптар сотталушының телефонын тексереді, одан кейін сот отырысы жарыссөзге көшеді.
Еске салсақ, "Қазақ Робин Гуд" деп танылған блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінгені айтылды. 22 қыркүйекте сот отырысы болып, жәбірленушілердің бірі баласының еміне ақша жинап беруі үшін 750 мың теңге жібергенін айтты.

Әлеуметтік желіде танымал қала әкімі кім: Шымқала басшысы 109 мың, Петропавл әкімі 2 мыңнан аса адамға есеп береді
