Ризабек Айтмұхан Таразда өткен халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды
Ризабек Айтмұхан Таразда өткен еркін күрестен халықаралық турнирдің жартылай финалында жеңіліс тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тараз қаласында еркін күрестен ересектер арасында мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Қонаевты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті. Жарысқа Қазақстан, АҚШ, Қырғызстан, Австралия, Бразилия, Өзбекстан, Ресей, Моңғолия және Қытай елдерінің спортшылары қатысып, өзара мықтыны анықтады. Сайыстың басты таңғаларлық оқиғасы құрамамыздың көшбасшыларының бірі Ризабек Айтмұхан жартылай финалда жеңіліп қалды. Ол жартылай финалда америкалық Джонатан Айеллоға 9:12 есебімен есе жіберді. Дегенмен қола жүлде үшін белдесуде қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.
Айта кетейік, бұл салмақта Ризабекті жеңген Джонатан Айелло финалда қытайлық қандасымыз Абусайман Хабиланы жеңіп, алтыннан алқа тақты.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

