Рысбек Аташ: Ән айтып тұрғанда Жанар қасымда тұрғандай сезілді
Әнші Рысбек Аташ әріптесі әрі досы Жанар Хамитованы еске алды. Ән айтып тұрғанда қасында Жанар тұрғандай күй кешкенін айтты.

"Осы әнді шырқағанда қасымда Жанар тұрғандай сезілді. Ән екеумізге де ерекше ұнайтын еді. Ол қыркүйек айында кетем, осы әнді басқа қызбен не өзің айтшы деп жүрді. Қайда кетесің деп сұрағанымда "білмеймін" дейтін. Кетем деп жүргені осы екен ғой. Жанардың өзі болмаса да сахнада талай орындалады", - деді Рысбек Аташ.
"Мойыма!! Мұңайма!! Жігітсің ғо" көтер басты, болар іс болды!!!", "Рысбек, Алла разы болсын сізге, жаныңызға қатты батқан секілді Жанардың өлімі. Ескі достар енді қана жақындасып едіңіздер", "Шынында да керемет ән", деп жазды желі қолданушылары.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”