Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рио: Мамандар қырғыз атлетшісінің қанынан стрихнин тауып алды

Антидопинг комиссиясының шешімі бойынша қырғыз спортшысы өзінің күміс жүлдесінен айырылды. Оның қанының құрамынан пайдалануға тыйым салынған зат табылған.

0

Фото: ru.sputnik.kg

Бұл туралы bbc.com хабарлайды.

Қола жүлдеге қол жеткізген қырғызстандық ауыр атлетші Иззат Артықов қанының құрамынан табылған улы затқа бола жүлдесінен айырылды. 69 келі салмақта бақ сынасқан спортшы Олимпиададан шеттетілді. Бұл туралы Спорттық арбитраждық сот мәлімдеді. Ал оған тиесілі медальдың кімге бұйыратынын халықаралық спорт федерациясы шешетін болады.

Стрихнин – токсикалық зат. Оны бұрындары көптеген елде тышқанды уландыру үшін қолданған, кейде пестицидтің орнына жұмсайды. Ол ағзаға әсер ету жағынан бірінші классқа жатады. Орташа дозасы – 1 кг тән массасына – 1 мг.

Мұнымен қатар, ол қаңқа сүйегіне және жүрек бұлшық етіне жақсы әсерін тигізеді. Осыған орай, оны кей спортшы допинг ретінде пайдаланады. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында спортшылар арасында кеңінен танымал болған-ды.


Жіберіп алмаңыз:

Мысырлық ауыр атлет Рахимовты допинг қолданды деп айыптады

Алмас Өтешов тағы да допинг дауына ілінді

Бейжің олимпиадасына қатысқан тағы 6 спортшыдан допинг табылды

Допинг бойынша айыпталған Жасұлан Қыдырбаев спорттан 8 жылға шеттетілді

Талқылау