Ринат Зайытов: Тоқалды бірінші әйелімен ажыраспай алса, ол – ерлік
Танымал айтыскер-ақын Ринат Зайытов қазіргі уақытта «сәнге» айналған тоқал мәселесі туралы көзқарасын айтып берді. Әншінің айтуынша, тоқалды бірінші әйелімен ажыраспай алса, ол ерлік көрінеді.
Бұл туралы «Сөккен әңгіме» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Тоқалды бірінші әйелімен ажыраспай алса, ол ерлік деп ойлаймын. Жасырмай айту – ерлік. Иә, 70 жылдың кеңес үкіметі кезіндегі төңкеріс санамызға тоқалдықты қылмыс қылып көрсететін дәрежеге әкеп қойды. Ал әйел адамның ажырасуы – қасірет», – дейді айтыскер.
Сондай-ақ, Зайытов кез-келген өнер адамы өзінің теріс әрекетінен ұлтына зиян келмеуін ойлауы тиіс екенін айтты.
«Мұндай адамдарды насихаттауды доғару керек. Анау мен мынау үйленіпті деген сынды… Өйткені оған білдей бір буын, ұрпақ қарап отыр. Кез-келген өнер адамы өзінің істеген жаманшылығынан ұлтына зиян келмейтіндей әрекет жасауы керек», – дейді айтыскер Ринат Зайытов.
Оқи отырыңыз:
Мақпал Жүнісова Болат Назарбаевқа арнап альбом жазып шығарды
Ақтаулық пианист қыз Дубайда өткен фестивальде өнерімен жұртты қайран қалдырды
Қайрат Нұртас: 10 жыл бойы отбасымды жасыру маған оңай тиген жоқ