Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ринат Зайытов: Үлкен кісілер бастық деп менен именіп тұрғанда ыңғайсызданамын

Айтыс өнерінің дүлділі Ринат Зайытов басшылық жұмыстың артықшылықтары мен кемшіліктерін айтты. Әкесінің арманын орындаған ол қызықты оқиғаларын бөлісті.

Ринат Зайытов

Бұл туралы “Түнгі хабар” бағдарламасында айтылды. 

Ринат Зайытов айтыс өнері арқылы кеңінен танымал. Соңғы кезде айтыс әлемінен алыс. Дегенмен шақырған айтыстан барудан бас тартпайды. Айтыскер бір жыл бұрын “Алатау” дәстүрлі өнер театрының театрының басшысы болып тағайындалды. Екі жоғары оқу орнын бітірген, экономика саласының маманы.

“Басшылық жұмысқа үйреніп қалдым. Әкем менің бастық болғанымды армандайтын. Атымның өзін Ринат деп сол үшін қойған. Ринат Рифхатұлы деген жақсы естіледі дейтін. Кейін бастық болғанда құлаққа жағымды болсын дейтін. Өз есімінің айтылғанын қалады. Сол айтқандай, Ринат дегенге үйреніп қалған әкемнің атымен айтса, құлағым үйренбей жүрдім біраз. Өзіңнен үлкен кісілер бастық келе жатыр деп қипақтап, орнынан тұрса, қатты қысыламын. Мен ондайға үйренбегенмін. Мен үлкенді сыйлап үйренгенмін. Сондықтан ыңғайсыздық сезінемін”, – дейді айтыскер. 

Зайытов жұмыстан, айтыстан бөлек бірнеше хит әндердің авторы. Одан бөлек рэп айтуды жаны сүйеді. Бұл бала күнгі еліктеушілік дейді өзі. 

“Бала күнімізден қалған әдет. Рэп оқығанда жақсы көрем. Себебі, рэп арқылы бәрін жеткізуге болады. Ән жазсаң, ешнәрсе сыйдыра алмайсың. Ал рэпте бәрін айта аласың. Бас-аяғы бар мәтін айтуға болады. Бар ойыңды жеткізе аласың. Сол жағына ұнайды”, – дейді ол. 

Айтыскер жақында “Әкімнің тойы” атты жаңа рэп жазғанын айтып қалды. Онда әкімнің тойына жиналған әнші-жыршы, асабалардың атын атады. Тұрсынбек Қабатов, Қайрат Нұртас пен акуланың етін алдырған Әбдіжаппар Әлқожаны меңзеді. 


Талқылау