Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Рим Папасы Франциск өмірден өтті

Фото: РИА Новости/Илья Питалев

Рим Папасы Франциск қайтыс болды, деп хабарлайды Reuters Ватиканға сілтеме жасап. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Рим Папасы Франциск Ватикандағы Casa Santa Marta (Әулие Марта үйі) резиденциясында 88 жасында қайтыс болды.

Ақпан айының ортасында ол бронхитті емдеу үшін Римдегі Гемелли ауруханасына жатқызылды. Тексеріс нәтижесінде екіжақты пневмонияны көрсеткен. Рим Папасы бес апта бойы ауруханада жатып, төрт рет тыныс алудан қиналып, екі рет өмір мен өлім арасында болды. 

Рим Папасы 23 наурызда үйіне жіберілді. Содан кейін ол ел алдында бір-ақ рет бой көрсетті. Сәуір айының басында ол Ұлыбритания королі III Чарльзді қабылдады. Ал жақын сенбіде ол АҚШ вице-президенті Дж.Д.Вэнсті қабылдаған еді. 



Хорхе Марио Бергольо 1936 жылы Буэнос-Айресте дүниеге келген. Ол химия саласында арнайы орта білім алып, аз уақыт техник-химик болып жұмыс істеген. 19 жасында Бергольо семинарияға оқуға түсті. Семинариядағы оқуын аяқтаған соң Аргентинаға қайтып оралып, 1963 жылы Сан-Мигельдегі әулие Йосиф колледжінде философия бойынша лицензиялық дәрежесін алды. 

Жаңа Папа қайтыс болғаннан кейін немесе отставкаға кеткен соң Папаны сайлау үшін кардиналдар жиналыс өткізетін конклав соңғы рет 2013 жылы шақырылған еді. 2025 жылы Рим Папасы болып сайланған Бенедикт XVI өз еркімен отставкаға кетті. Бесінші дауыс беру нәтижесінде Бергольо Рим-католик шіркеуінің басшысы болып сайланып, Франциск есімін қабылдады. Сол кезде оның жасы 76-да еді.

Бұған дейін қазақстандық скрипкашы Рим папасының алдында өнер көрсетіп, батасын алған еді. 

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 21 Сәуір, 2025 13:18
Талқылау