Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рим 2024 жылғы олимпиаданы өткізуден ресми түрде бас тартты

Италияның ұлттық олимпиада комитеті 2024 жылғы олимпиада ойындарын өткізу үміткерлігінен Рим қаласының кандидатурасын ресми түрде алып тастады.

898

Фото: ТВ Центр

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

“Бүгін біздің өтінішімізді алып тастау туралы Халықаралық олимпиада комитетіне хат жаздым”, – деп мәлімдеді комитет басшысы Джованни Малаго.

Ал Рим қаласының мэрі деген қызметкер осы жылдың маусым айында сайланған Вирджиния Раджи сайлауалды кампаниясы кезінде-ақ Италия астанасында олимпиада өткізуді қолдамайтынын айтқан еді. 21 қыркүйек күні ел астанасы енді олимпиада ойындарын өткізуге үміткер болмайтындығын жариялады. Кейін бұл шешімге қалалық кеңес отырысында ратификация жасалып, алайда Ұлттық олимпиада комитеті бұл шешімге сын айтып қарсылық білдірген еді.

Бұдан бұрын Вирджиния Раджи Римнің миллиард доллар қарызы бар екенін, сол себепті олимпиада өткізу үшін жасалатын қымбат инвестиция тартуға жағдай жоқ екенін айтқан болатын. Оның ойынша төрт жылдықтың басты додасын өткізу үшін ақша жұмсағанша, қоқыс жинау мен жемқорлықпен күреске қаржы шашқан тиімдірек.

2024 жылғы жазғы олимпиада және паралимпиада ойындарын өткізетін қала 2017 жылы 13 қыркүйекте белгілі болады. Қазіргі таңда үміткер қалалар ретінде Лос-Анджелес, Париж және Будапешт қалалары қалып отыр.

Оқи отырыңыз:

Василий Левит: Өзімді жұлдызбын деп есептемеймін

Қазақстандық Денис Ұланов Рио ойындарының қола жүлдегері атанды

Норвегияда мұсылман ер адам ислам ережесімен жүруден бас тартқан қызын зорлады

Түрік жігіт тікелей эфирде өз-өзін өлтіріп тастады

Талқылау