Рыбакина Цинциннати турнирінен кейін позициясын жақсартты
Фото: ҚТФ
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA чемпиондық жарысының рейтингінде бір сатыға көтерілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Цинциннати (АҚШ) турнирінен кейін 26 жастағы спортшы жарысқа қатысу мүмкіндігі үшін өткізілетін чемпиондық додада 8-орыннан 7-орынға жылжыды.
Чемпиондық жарыста оның алдында Арина Соболенко (Беларусь), Ига Швёнтек (Польша), Коко Гауфф (АҚШ), Мэдиссон Киз (АҚШ), Мирра Андреева (Ресей) және Аманда Анисимова (АҚШ) тұр.
Бұған дейін қазақстандық спортшының Цинциннатиде өткен WTA 1000 жарысының жартылай финалына дейін жеткенін хабарлаған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

