Резонансты Ақнәр ісі қайтадан ішкі істер министрлігіне өтті (видео)

Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов журналистердің марқұм Ақнәрдің ісі неліктен ұзаққа созылғаны туралы сұрағына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Вице-министрдің айтуынша, бастапқыда қылмыстық іс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қарауына берілген.
"Бұл шешімді біз қабылдаған жоқпыз. Ол бас прокуратураның шешімі. Ал қазір қылмыстық іс қайтадан біздің қарауымызда. Қазір іс бойынша жаңа тергеу тобы құрылып, тергеу қайта басталған. Сонымен қатар жәбірленуші тараптың барлық уәжі толық тыңдалатын болады", – деп жауап берді Санжар Әділов редакция журналисінің сұрағына.
Айта кетейік, Ақнәрдің өліміне қатысты қылмыстық іс шамамен 1,5 жылдан бері тергеліп келеді.
Еске салайық, бұған дейін 2024 жылдың шілде айында 22 жастағы Ақнәр Гүлстан Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйдің 7-қабатынан құлап, қаза тапты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанымен, тергеу бір жарым жылдан бері жалғасып келеді. Алғашында іс өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабы бойынша қаралған. Алайда марқұмның туыстары қыздың денесінде зорлық-зомбылық белгілері болғанын айтып, істі кісі өлтіру бабы бойынша қайта қарауды талап етіп отыр. Марқұмның анасы тергеудің созылып кеткеніне наразы болып, әділдік сұрап Президентке үндеу жасаған еді.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген