Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Режиссер Тимур Бекмамбетов Астана сотынан олигарх Қайрат Боранбаевты үйқамаққа ауыстыруды сұрады

Танымал қазақстандық режиссер Тимур Бекмамбетов Астана сотынан QazaqGas ұлттық компаниясының газын қайта сатудан 14,6 миллиард теңге жымқырды деп айыпталған Қайрат Боранбаевты үйқамаққа ауыстыруды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тимур Кайрат

Бекмамбетов сотқа қорғаушы тараптың куәгері ретінде қатысқан.

"Оның әрқашан достары көп болды, оның арасында суретшілер, кәсіпкерлер, әртістер, журналистер бар. Қазір бәріміз сот процесін қадағалап отырмыз және ол әділ болады деп үміттенеміз. Біз екеуміз көп жылдан бері доспыз. Ол – шығармашыл, ізденімпаз, шынайы, адамдарға ашық, сонымен бірге жауапты әрі өте ұқыпты адам", – деді Бекмамбетов сот отырысында.

Бекмамбетовтің айтуынша, оның Боранбаевпен қаңтар оқиғасынан кейін жабылған кинотеатрдан басқа ортақ ісі болмаған.

2022 жылдың 30 желтоқсанында Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 сотында олигархтың ісі бойынша сот процесі басталды. Олигарх өзіне тағылған айыпты мойындамаған. Оның айтуынша, Qazaq Gaz құжаттары оған келісім жасалғаннан кейін 15 күннен кейін ұсынылған.



Боранбаевты 15 наурызда Алматыда қаржы мониторингі агенттігінің орталық аппаратының қызметкерлері ұстады. 16 наурызда ол Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді. 17 наурызда белгілі заңгер, жер құқығы жөніндегі сарапшы Бақытжан Базарбек Алматының экс-әкімі мен "Нұр Отан" (қазіргі "Аманат") партиясы төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен Боранбаевтың жер алаяқтығы туралы күдіктерімен бөліскен. Дәл сол күні Қайрат Боранбаевтың ұсталғаны ресми расталды.

Қайрат Боранбаев – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның келіні болған Алима Боранбаеваның әкесі. Боранбаев Esentai Mall және Esentai Tower акцияларына иелік етеді. Оның байлығы 590 миллион долларға бағаланады. 

Талқылау