Режиссер Ақан Сатаевтың экс-жары бойжеткенмен некелесіп, бірге тұратынын мәлімдеді

Белгілі режиссер Ақан Сатаевтың экс-жұбайы Назира Бақаева не себепті жас қызбен некеге тұрғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Дина Әділ YouTube-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Назира Бақаева өзінің актриса екенін, арман-мақсаттарын ұмытып, келін, ана, жар рөлінде қалып кеткенін айтты. Экс-жолдасы Ақан Сатаевпен ажырасқан соң, өзінен бірнеше жас кіші Doris есімді бойжеткенмен көңіл қосқанын жеткізді.
“Doris-ке алғысым шексіз. Ол мені қараңғы түнектен құтқарды, өмірімен жарық берді. Оның маған жасаған жақсылығы өте көп. Әйел әйелге қолдау бере алады. Соған көзім жетті. Алғашқыда жұмыс, шығармашылық барысында жақын болуды ойладық, содан кейін бірге тұруды шештік”, – дейді ол.
Ол қазір бойжеткенмен "Бостон" некесінде тұрады. Мұндай некені екі адамның (көбіне әйелдердің) ресми некесіз, романтикалық немесе жыныстық қатынассыз бірге тұрып, бір-біріне эмоциялық, тұрмыстық, қаржылық тірек болып өмір сүру формасын айтады.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған