Respublica партиясы ақыры мемлекеттік тіркеуден өтті
Respublica партиясы Қазақстанда ресми түрде тіркеуден өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде жаңа саяси ұйымның төрағасы Айдарбек Хожаназаров мәлімдеді.
"Біздің ресми өкіліміз Астана қаласының ХҚКО -ң бірінде Respublica партиясының тіркеу құжаттарын қолына алды. Енді біз - еліміздің жаңа, ресми тіркелген саяси күшіміз! Бұл ұзақ апталар мен айлап күткен және бірнеше рет тіркеуге жіберілмеген сәтсіздіктерден кейінгі - ортақ ортақ жеңісіміз! Алайда, бұл сынақтар бізді тек ғана күшейтті", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айдарбек Хожаназаров сонымен қоса партияның тең төрағалары - Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шукижанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаевты жеңісімен құттықтаған.
- “Қаңтардан бастап саяси арена қызады”: Саясаттанушылар 2023 жылы Қазақстанда қандай саяси өзгерістер болатынын айтты
- Саясаттанушылар Қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстанда болатын өзгерістер жайлы айтты
"Партияның барлық мүшелерін, осы уақыттан бері бізге сенім артып, зор қолдау білдірген барлық адамдарды осы маңызды бастамамен құттықтаймын және сенімдеріңіз бен үкілеген үміттеріңізді ақтауға жұмыла кірісеміз дегім келеді. Бүгіннен бастап біз партияның қызметін еліміздің әрбір өңірінде толық көлемде ресми түрде жүргізуге құқылымыз. Болашақ біздің қолымызда, ағайын!", - дейді Хожаназаров.
Respublica партиясын құру туралы шешім 2022 жылдың 29 тамызында жарияланған.

"Баланы тұз қосылған суға шомылдыру, омырауын сығу" сынды салттар қаншалықты дұрыс – Мамандар жауап берді
