Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ресми жұмысқа шықтым": Жұлдыз Әбдікәрімова декрет демалысынан шыққанын айтты

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова декрет демалысының аяқталғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі жақында Рабия-Сұлтанды қырқынан шығарған еді. 

“Декрет демалысы бітті. Жүктілік басталған сәттен, барынша көзден тасаланып, жұмысты жинап қойып, назарым тек өз күйімде болғанын қаладым. Шүкір, Алланың қалауымен бәрі де ретімен, сәтімен, өзім жоспарлағандай өтті. Енді екеуміз де қырқымыздан шығып, буынымыз қатып, бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп отырмыз. Мен Рабия Сұлтанға қыдыруға, ол маған жұмысқа оралуыма рұқсат бердік. Демек, ресми жұмысқа кірістім деп айта аламын. Иә, жүктіліктің басында бұл қалай болады екен деп, абдырағанымыз рас. Әсіресе балалар түрлі эмоциямен қабылдаған еді. Жылады, күлді, ашуланды, көздері бақырайып үнсіз тұрды”, – деп жазды актриса. 



Еске салайық, Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін босану кезінде кіндік баудың екі рет оралғанын айтқан еді. 

“Құдайдың құдыреті дерсіз. Бір таңғаларлық ғажап жайт болды. УДЗ нәтижесі бойынша осыдан бір апта бұрын қойылған диагноздың көрсеткіші жоқ. Бала дұрыс жатыр әрі төмен түсіп жайғасыпты. Екі рет оралған кіндік шешілген. Осыдан кейін мамандар қайта консилиум өткізіп, толғақты күтеміз деген шешім шығарды. Оның қауіп-қатерін де ашық айта кетті. 39-аптаның таңы. Ертерек тұрып, иіс шығарып, самса пісіріп пысықтығым ұстаса бола ма?! Тоқтай алмай үй жинап, киім үтіктедім. Бүгін босанамын деген түйсігім алдамады. Перзентханаға жетіп, көп ұзамай сәбиімді қолыма алдым”, – деп жазды Жұлдыз.

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 30 Қыркүйек, 2025 16:10
Талқылау