Ресми: Қазақстан бокс федерациясы World Boxing ұйымына кірді
Қазақстан бокс федерациясы ресми түрде World Boxing ұйымының қатарына қосылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан бокс федерациясы ұзақ талқылаулар мен сараптаманың нәтижесінде маңызды шешім қабылдап, ресми түрде World Boxing ұйымының қатарына қосылды. Бұл шешім АҚШ-тың Колорадо-Спрингсте өткен World Boxing халықаралық бокс федерациясының Конгресінде хабарланды. Бұндай шешім бірінші кезекте отандық боксшылардың олимпиадалық болашағымен тікелей байланысты. Енді World Boxing құрамындағы елдердің саны 55-ке жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкиннің Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing) жаңа олимпиадалық комиссиясының төрағасы атанғанын жазған едік.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

