Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейліктер көлдің Қазақстанға «берілуін» оның тартылып қалуымен түсіндірді

Сладкое көлі тартылып қалғандықтан Қазақстанның аумағына кіріп кеткен.

Снимок-экрана-2017-08-15-в-16.54.47

Бұл туралы Новосібір облыстық шегара қызметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жергілікті халық көлдің мемлекеттік шегарасы оның ортасына дейін болғанға үйреніп қалған. Сондықтан орта тұсына дейін аңшылыққа бара береді. Алайда көл тартылып қалғандықтан шегара тұсы жағажайға дейін жеткен. Жергілікті тұрғындарға мемлекеттік шегараның көлдің жағасына дейін жеткені айтылды. Ол жерге аңшылыққы шығуға болмайтыны түсіндірілді.

«Соған байланысты Ресей Қазақстанға ешнәрсе берген жоқ. Шегара бұрынғы орнында тұр», – дейді баспасөз қызметінің өкілі.

Бұған дейін ресейлік тарап көлдің бір бөлігі Қазақстанға берілгенін, шегара бекітілген соң толықтай берілетінін хабарлаған еді. Кейіннен бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

Тағы да оқыңыз:

Әнші Jah Khalib: Есірткіге тәуелді едім, ислам өмірімді өзгертті

Заңгер: Оғыз Доған «Эйр Астананы» сотқа берсе жеңуіне кепілмін

Серік Қонақбаев Қанат Ислам мен Головкиннің алдағы айқастарына болжам жасады

Талқылау