Ресейліктер Қазақстандағы ірі мұнай-газ кен орындарын игере бастады
Жартылай ресейлік "Лукойлға" тиесілі "Kalamkas-Khazar Operating" ЖШС Каспийдің қазақстандық секторында "Қаламқас-теңіз" және "Хазар" мұнай-газ кен орындарын игеруді бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мұнай-газ саласының талдаушысы Олег Червинский компанияның қыркүйек айында базалық жобалауға кіріскені туралы жеткізді.
Кейінгі инвестициялық шешімді 2025 жылдың төртінші тоқсанында қабылдау жоспарланып отыр. 2026 жылы олар кен орындарында теңіз платформаларын салуды бастайды. Ал 2027-2028 жылдары седла аймағында теңіз түбін тереңдетеді.
Кен орындарын игеру жөніндегі келісімшарт 2067 жылға дейінгі мерзімге есептелген. "Қаламқас-теңіз" және "Хазар" учаскелерінде жылына 4 миллион тонна мұнай өндіріледі деп жоспарланып отыр. Жобаны іске асыруға жұмсалатын шығындар алты миллиард долларға тең. Ол абаттандыру кезеңінде екі мың жұмыс орнын және пайдалану уақытында тағы 300 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі