Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Wildberries-дегі ақау сатып алушыға кез-келген тауарды тегін алуға мүмкіндік берген: Нәтижесінде ол 6 миллион теңгеге "сауда жасаған"

Красноярлық бойжеткен Wildberries-тен 1,2 миллион рубль (6 миллион теңге) тұратын тауарларды тегін алған. Дегенмен оның сайттан алған тауарларының бәрі уақыт өте келе ақылы деп саналды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Baza Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Фото: Видеодан скрин

23 жастағы қыз маркетплейске 2023 жылдың көктемінде тіркеліп, одан қате байқаған. Ол алғашқы тапсырысын жеткізу пунктіне барып алған. Төлем жасау үшін карточкадан да ақша есептелмеген.



Содан бері қыз Wildberries-тен әртүрлі тауарларға үнемі тапсырыс беріп, iPhone, киім, аяқ киім, чемодандар, алтын зергерлік бұйымдар, ойын консольдері, парфюмерия, төсек-орын сатып алған. Ол алған заттарының бір бөлігін өзіне қалдырды, қалғанын интернет-дүкендерде сатып, қарыздарын жауып отырған. Осы уақыт ішінде қыз 1,2 миллион рубль (6 миллион теңге) үнемдеген. 

Жақында Wildberries бағдарламасында қате байқалып, есептік жазба бұғатталды. Қызға қатысты "Аса ірі көлемдегі алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Wildberries компаниясының бас директоры және негізін қалаушы Татьяна Бакальчук Мәскеудегі кеңсені рейдерлік жолмен басып алмақ болғанын мәлімдеген еді. Татьянаның айтуынша, кеңсеге шабуыл жасау оның күйеуі Владислав Бакальчук, Сергей Ануфриев пен Владимир Бакиннің басшылығымен болған. Қақтығыс салдарынан Wildberries кеңсесінің екі күзетшіcі қаза тапқан. Атыста екі полиция қызметкері жараланған. 

Талқылау