Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фотограф таиландтық көше сыпырушы қызды желі жұлдызына айналдырды (видео)

Таиландта ресейлік фотограф көше сыпырушы қызды суретке түсіріп, желі жұлдызына айналдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Коллаж Stan.kz

Бангкокта тұратын 28 жастағы Мин есімді қыз тазалықшы болып жұмыс істеген. Ресейлік фотограф әрі саяхатшы Семен Резчиков наурыз айында Таиланд астанасында болып, Бангкоктың қытай кварталындағы Яоварат көшесін сыпырып жүрген Минмен кездейсоқ жолыққан.

Фотораф бейтаныс қызды суретке түсіріп, фотосын басып шығарып, қызға жақындап барған. Минге суреті қатты ұнап, жымиып жауап берген. Бұл сәттің барлығын Семен видеоға түсіріп отырған, видео желіде жылдам тарап, төрт миллион қаралым жинап үлгерген.

@semyonrezchikov

 

♬ som original - 𝑳𝒆𝒕𝒊𝒄𝒊𝒂 🇧🇷

Видео жарияланғаннан кейін бүкіл әлемнен желі қолданушылары модельдік агенттіктерден Минді байқап, байланыс орнатуды сұраған. Қазір Минге танымал тай брендтерінен ұсыныстар түсіп, ол киімдерді, косметикаларды және тіпті зергерлік бұйымдарды жарнамалап жүр.

Мин екі баласын жалғыз өзі асырап, еңбек етіп жүрген жалғызбасты ана екені белгілі болды. Қазір сұлу қыз бұрынғы жұмысынан кетуге бел буып, жаңа өмір бастапты. Оған жергілікті агенттік көмектесіп, алғашқы кәсіби фотосессиясын ұйымдастырып берген.

Талқылау